Бір жылда жұмыс берушінің кінәсінен 160 кісі өлімі тіркелген

1239

Елордада "Қауіпсіз еңбек – қоғамның табысты дамуының негізі" атты республикалық форум өтіп жатыр.

Бір жылда жұмыс берушінің кінәсінен 160 кісі өлімі тіркелген

Шарада бірінші болып сөз алған Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Сатыбалды Дәулеталин өндірісте өлім азаймай тұрғанын айтты.

"Біз 2018 жылы кісі өліміне соқтырған қайғылы оқиғаларға талдау жасадық. Аталмыш кезеңде 191 кәсіпорында 221 адам қаза тапқан. 160 оқиғаға жұмыс беруші кінәлі екені дәлелденді. Ал 138 кәсіпорында кәсіподақ ұйымы атымен жоқ бодып шықты. Яғни қоғамдық бақылау болмаған, өндірістік кеңестер құрылмаған", – деді Сатыбалды Дәулеталин.

Оның айтуына қарағанда өткен жылдың өкініштері жұмыс берушілерге биыл да сабақ бола қоймаған. Тексерілген 106554 кәсіпорыннан 145 мың еңбек заңнамасын бұзу фактісі тіркеліпті. Салдарынан 327 қайғылы оқиға орын алып, 160 адам зардап шеккен.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу