Бір жылға арналған мемлекет жоспары бекітілді

992

Бір жылға арналған мемлекет жоспары бекітілді

Аталмыш стартегиялық құжатта ел дамуының 10 негізгі міндеттемесі көрсетілген. Әсіресе, үкімет әлеуметтік салаға қаржы аяп қалмауы тиіс екені айтылған. Бизнеске де артылған жүк жеңіл емес.

Банк секторыда "нашар" несиеден арылу саясатын аяқтау қажет. Жолаудың өзгеде міндеттемелері жөнінде тілшіміз Құралай Пионердің материалында толығырақ.

Конституция бойынша Президент халыққа жолдауын ауызша да, жазбаша да жасауға құқылы. Елбасы, биыл да соңғысын таңдап, 24-ші үндеуін баспасөз бетінде жария етті. Дегенмен, кеше елбасы түгел оқымаса да, тікелей эфирге шығып, бағдарын қысқаша таныстырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

"Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды. Елдің 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясы жүзеге асырылуда. 100 нақты қадам аясында реформаларды жүргізіп келеміз. Елдің үшінші жаңғыруын бастадық".

Енді БАҚ беттерінде Жолдаудың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" деген атаумен толық нұсқасы жарияланды. Стартегиялық құжатқа сәйкес, биыл Елбасы ел дамуының 10 негізгі міндеттемесін айықындаған.

"Бұл тұста, үкіметке артылған жүк әдеттегідей жеңіл емес. Сонымен, елбасы 2018 жыл индустрияландырудың үшінші бесжылдығына әзірлік ретінде "цифрлық дәуірді" қалыптастыруға, Табиғи ресурстарды үнемдеуге, Агросектордағы саясатты нығайып, экспортты 2,5 есеге артуды тарсыруда. Сондай-ақ, транзиттен түсетін жыл сайынғы табысты 2020 жылы 5 млрд долларға жеткізілу де қаралған. 2017 жылы бұл 17 млн теңгені құрады. Алдағы 10 жылда тұрғын үй құрылысы да қарқын алып, қосымша 30 мың шаршы метрге дейін жетуі тиіс. Банкттер болса, "нашар" несиеден арылып, Ұлттық банк қадағалауын күшейте түспек".

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

"2016 жылдың 1 қаңтарына дейін халыққа берілген валюталық ипотекалық займдар жөніндегі мәселені Ұлттық Банкке толығымен шешуді тапсырамын. Сол күннен бастап аталған валюталық займдарды жеке тұлғаларға беруге заң жүзінде тыйым салынған болатын. Ұлттық Банк пен Үкімет экономика салаларындағы нақты тиімділікті есепке алатын ставкалармен бизнеске ұзақ мерзімді несиелендіруді қамтамасыз ету мәселесін бірлесіп шешуге тиіс".

Серік Сейдуманов, ҚР парламенті сенатының депутаты:

"Президент қойған 10 міндеттің барлығы да өте маңызды. Байқаған шығарсыздар барлығы да жаңа технологияға қатысты. Яғни, жаңа заман ағымына ілесуге бағытталған. Бұл бастамалар негізінен өткен бағдарламаларда-ақ түзілген. Тек енді оның орындалуы қадағалануға тиіс".

Әсіресе, биыл үкімет әлеуметтік салаға қаржыны аяп қалмауы қажет. 2018 жылы бюджеттен қосымша 67 трлн теңге бөлініп, оған базалық зейнетақы, жалпы алғанда 29%-ға арттырылмақ. Бала тууға байланысты жәрдемақы, мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға арналған төлемдер де 30-дан 43%-ға дейін өседі. Сондай-ақ, жалақының өсуі мұғалімдер, дәрігерлер, әлеуметтік қорғау саласы мен "Б" корпусында қызмет ететіндерге қатысты айтылды.

Расул Жұмалы, саясаттанушы:

"Бұл жерде жолдаудың, жалпы тапсырманың орындалуы ең алдымен кадрға тікелей қатысты. Бізде мықты менеджерлер жоқ емес бар. Тіпті жастар арасында да көп. Бірақ оған байырдан келе жатқандар мүмкіндік бермейді. Өздері де орындамайды, орындауға да мүмкіндік бермейді. Әйтпесе, қанша жоба басталмай жатып, күйіп кетіп жатыр. Егер осыны идеясы мықты кадр келіп жасаса, бәсекеге қабілетті орта түзілер еді".

Бизнес үшін де жайлы орта жасала түспек. Биылдан бастап салық және салықтан тыс басқа да түсімдердің 7 түрі ауыл бюджетінде қалады. Яғни, енді елді-мекендер өзгелерге қол жайып, ақша сұрап отырмауы тиіс. Үндеуде жемқорлыққа қарсы күрестің де күшейтілетінін тағы ескертілді. Есепке қарағанда, соңғы 3 жылдың өзінде лауазымын асыра пайдаланған 2,5 мың тұлға сотты болған. Одан бюджекет келген шығын 17 млрд теңге. Нұрсұлтан Назарбаев, орындауды талап ететін тағы бір міндет, яғни соңғысы "Смарт қала" жүйесіне қатысты. Мұнда енді инвесторларға Қазақстанда барынша салық талаптары жеңілдетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу