"Бірде-бір шенеунік жұмысын аяқтамай, Арыстан кетпейді"

1351

Арыстағы үйлердің сапасына қатысты арыз-шағымдарға жауап берген индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев осылай деді.

"Бірде-бір шенеунік жұмысын аяқтамай, Арыстан кетпейді"

Айта кетсек, Арыс тұрғындарының қираған үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жауапты тұлғаларға өкпесі қара қазандай. Жергілікті жұрттың айтуынша кейбір баспананың тек шатырын жауып кетіп қалған, алайда қабырғасы шытынаған күйінде қалған. Ал енді бірінде терезені ғана алмастырған.

Үкімет басшысы Асқар Мамин де өңірге барып, жөндеу жұмыстары аяқталысымен нәтижесін тексеруге арнайы инспекциямен жеке өзі келетінін жеткізген. Бүгінде Арыстағы 6 700 үйді қалпына келтіру бойынша негізгі жұмыстар аяқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу