Бірде-бір университет студенттерді жатақханамен 100 пайыз қамти алмайды

340

Қазақстанда жатақхана тапшылығы мәселесі әлі өзекті. 

Бірде-бір университет студенттерді жатақханамен 100 пайыз қамти алмайды Фото: aqmeshit-aptalygy.kz

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілші министрден "Бірінші курстан бөлек, барлық курс студентін жатақханамен қамтамасыз ете алатын университеттер бар ма?" деп сұрады.

Саясат Нұрбек жатақхана тапшылығы мәселесі әлі өзекті екенін айтты.

"2021 жылдан бастап жатақханалар құрылысына байланысты жеке бағдарламаны іске қосқан кезде 27 мың төсек орынға арналған 127-ге жуық нысан пайдалануға берілді. Жыл сайын 10 мың орындық жатақхананы пайдалануға береміз", - деді ведомство басшысы Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте.

Биыл Петропавл қаласында 1200 орынға арналған ең ірі жатақхана іске қосылады.

"Бірде-бір жоғары оқу орны студенттерді жатақханалармен 100 пайыз қамтамасыз ете алмайды. Бұл мүмкін емес. Бұдан бөлек екінші және үшінші курстан бастап көп студент пәтер жалдап тұрады. Бұл қалыпты тәжірибе. Сол себептен біз қазір бірінші курс студенттерін, әлеуметтік осал топқа жататындарды 100 пайыз жатақханамен қамтамасыз ету міндетін қойдық", - деп жалғастырды министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу