Бірдей авто нөмірмен жүрген көліктер анықталды

1043

Полиция департаментінің таратқан ақпаратына сәйкес, Тойота Естима маркалы машиналар Ресейде тіркелген.  

Бірдей авто нөмірмен жүрген көліктер анықталды

Елордада маркасы да мемлекеттік нөмірідей бірдей қос көліктің жүргені  анықталды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Ал тағы дәл осындай құжаттармен бір автокөлік Өскемен қаласында жүр. Қазір олардың бәрі уақытша тұраққа қойылды. Қызығы, көлік иелері де бұдан хабарсыз болған. Тіпті,  бірінің айыппұлын екіншісі төлеп келген. Айтуларынша, үшеуі де теміртұлпарларын заңды түрде рәсімдеп, мініп жүрген көрінеді. Қайсысының заң бұзып отырғаны алдағы уақытта тергеу жұмыстары аяқталғанда белгілі болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу