Біреудің баласына обал емес пе, кәрі қатынға үйлендірген? – Қайрат Әділгерей

12079

Қайрат Әділгерей әнші Кәмшат Жолдыбаеваның тұрмысқа шыққанына байланысты пікір білдірді. Актер танымал әншінің жас жігітке күйеуге шығуын әзілге айналдырған, деп жазады inbusiness.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап. 

Біреудің баласына обал емес пе, кәрі қатынға үйлендірген? – Қайрат Әділгерей Фото: NUR.KZ

Актердің видеосын жұбайы Бақыт Тұрман Instagram парақшасында жариялап, "Кәмшат (Жолдыбаева - ред.) туралы айтып жатыр", - деп жазып қойды.

Видеодан актердің белгісіз әйел адаммен сөйлесіп тұрғанын көруге болады.

"Біреудің баласына обал емес пе, кәрі әйелге үйлендірген? Мысалы, жап-жас бала. Қайдағы сүйген, қойшы, апа?! Басыма сыймайды, ұят тіпті. Биыл Құдайдан кәрі қыздарға квота бөлінді-ау деймін", - деді Қайрат Әділгерей видеода.

Ал желі қолданушылары актердің бұл әзілін әртүрлі қабылдаған. "Әзілмен күшті жеткізеді", "Ер адам айтатын әңгіме емес", "Тисе, бақытты болсын", "Әркімнің өз тағдыры бар. Артық әңгіме айтудың керегі жоқ", - деді желідегілер.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу