Біреудің жерін жалған құжатпен сатпақ болған күдікті ұсталды

1305

Бүгінде полицейлер бұл істі тергеп жатыр.

Біреудің жерін жалған құжатпен сатпақ болған күдікті ұсталды

Түркістан облысында жалған құжат жасап, жер телімін сатпақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Жәбірленуші әйелдің айтуынша, өзіне тиесілі 8 сотық жерін белгісіз адам нотариусқа барып, одан сатуға жалған сенімхат алған. Кейін күдікті жерді сатпақ болған. Салдарынан жәбірленушіге 3 млн теңге шығын келген.

Полиция қызметкерлері бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (СДТБТ) тіркеген.

"Түлкібас аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру жұмысын жүргізіп, жергілікті тұрғынды ұстаған. Бүгінде жалған іс-құжаттарға сараптама тағайындалды. Бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу