"Біреуі қаза тапты": Петропавлда екі жұмысшы биіктен құлап кетті

134

Петропавлда инженерлік жұмыстар барысында адам өлімімен аяқталған оқыс оқиға тіркелді. 

"Біреуі қаза тапты": Петропавлда екі жұмысшы биіктен құлап кетті Фото: Pixabay.com

5 желтоқсан күні таңғы уақытта интернет желісін жүргізіп жатқан екі маман биіктіктен құлап, ауыр жараланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алдын ала деректерге сүйенсек, жұмысшылар тұрған көтергіштің люлькасы шамамен жеті метр биіктікте істен шығып, кенеттен жерге құлаған. Соның салдарынан мамандардың бірі оқиға орнында көз жұмды. Қайтыс болған азаматтың 35 жаста екені, жеке фирмада инженер қызметін атқарғаны анықталды. Ал екінші зардап шеккен – 31 жастағы "Қазақтелеком" қызметкері. Ол көптеген жарақат алып, дереу ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта дәрігерлер оның жағдайы үшін күресіп жатыр.

Қазір аталған факті бойынша өндірістегі жазатайым оқиға ретінде қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда, ал құзырлы органдар апаттың нақты себептерін анықтап жатыр.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу