Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Мен анасын құрметтемей жатқан адамдарға үлгі болса екен деген нәрсені айтқым келді. Жалпы, халық ашуланған жоқ. Ұлт жаман болмайды. Біреуі басқаша ойлауы мүмкін, біреуі көре алмауы мүмкін, біреуі қызғануы мүмкін деген сияқты. Жалпы халық қарсы деп айтуға болмайды. Бұл жерде халықтың ішінде кейбір адамдардың өзінің пиғылы. Анасын құрметтей алмайтындар, анасын сыйлай алмайтындар бұған қарсы. Ал енді анасын жақсы көретіндер, анасын ардақтайтындар бұл нәрсені қолдайды. Сондықтан мен өзімнің бағытымнан қайтпаймын. (...) Бәріміз ананың алдына бас иеміз. Анасын, әкесін сыйлаған адам еліне де қызмет жасай алады. Ата-анасын қарттар үйіне өткізіп, оларды сыйламаған баланың еліне де пайдасы жоқ болады", – депутат Мәжіліс кулуарында.
Мәжілісмен сенбі күні анасын құттықтап қайтқанын жеткізді.
Тілшілер "Мәжіліс регламентін бұздым деп ойламайсыз ба?" деп сұрады.
"Мен тағы айтамын, бұздым деп ойламаймын. Ананың дәрежесі бәрінен биік. Мен солай түсінемін", – деді депутат.
Айта кету керек, бұған дейін депутат Мәжіліс отырысында анасын туған күнімен құттықтағанын жазғанбыз.