"Біреулер қастықпен өлтірді": Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

639

Әнші Мақпал Жүнісова Арман Дүйсеновтің тұңғышы Абылай Арманұлын біреулер қастықпен өлтіріп кеткенін жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біреулер қастықпен өлтірді": Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды Фото: Instagram/arman_duisenov_official

"Марқұм Арман Дүйсеновтің тұңғышы Абылай Арманұлын біреулер қастықпен өлтірді деген суық хабар жетті. Иманы саламат болсын, өлтірген адамды тауып, жазасын беру керек. Айсұлу, айналайын, Алла сабыр берсін. Кеше ұшып кетіп едім, туғандарына, анасына, қарындасы мен бауырына қайғырып көңіл айтамын", – деп жазды халық әртісі.

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған жағдайға қатысты түсінік берді.

"Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу