Бірғаным Әйтімова сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланды

1649

Елордада парламент сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Сенаторлар кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

Бірғаным Әйтімова сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланды

Сенат төрағасы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиясы, Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы, Қазақстан халқына жолдауы барша қоғам мен мемлекеттік билік органдарына ауқымды және күрделі міндеттерді қойып отырғанын атап өтті.

Сенат басшысы Конституцияға сәйкес парламенттің жоғарғы палатасына елеулі дәрежеде өкілеттік берілгенін атап өтті.

Отырыс аясында айтылған бірқатар ұсыныс сенат регламентін өзгертуге бағытталды. л ұсыныстардың барлығы зерделеніп, жұмыс барысында ескерілетін болады. 

Отырыс барысында Бірғаным Әйтімова сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары, Нұрлан Қылышбаев Кеңес хатшысы болып сайланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу