Birge сайтына елордалықтардан 240-тан астам ұсыныс түсті

1005

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында Birge сайтына 40 күн ішінде 240-тан астам ұсыныс түскенін мәлім етті, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Birge сайтына елордалықтардан 240-тан астам ұсыныс түсті

"Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Мен Birge платформасының іске қосылғаны туралы хабарлаған болатынмын. Онда елордамызды дамыту бойынша ұсыныстарыңызды жібере аласыздар. Ұсыныстарды бірнеше бағыттарға бөлдік. Апатты жағдайдағы ескі үйлер, экология, газдандыру, көгалдандыру, қоғамдық кеңістіктер, көшелерді жарықтандыру, жануарларды қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, білім беру, қауіпсіздік, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, көлік және т. б. санаттар бар.

Birge сайтына 40 күн ішінде қала тұрғындарынан 240-тан астам ұсыныс түсті. Олардың қатарында бірыңғай студенттік карта құру және жаңа қоғамдық кеңістіктер ашу, көлік, ТКШ салаларына ақылды технологияларды енгізу және т. б. бар.

Бастапқы кезеңде 30-ға жуық ұсыныс іріктеліп, олар бойынша дауыс беру іске қосылды. Онлайн-дауыс беруге қоғамдық кеңістік, ТКШ, білім беру, бизнес, экология, жануарларды қорғау, көшелерді жарықтандыру, көлік, урбанистика-қалалық орта, туризм, мәдениет, әлеуметтік сала сияқты санаттар ұсынылған. Сіз өзіңізге ұнайтын идеяға дауыс бере аласыз. Қала тұрғындарының көпшілігі қолдаған идеяларды жүзеге асырамыз. Алғашқы 30 жоба бойынша онлайн-дауыс беру 18.03-18.04.2021 аралығында ашылды.
 
Сонымен қатар, қала тұрғындары қаланы одан әрі дамыту бойынша өз ұсыныстарын қалдыра алады. Бірлесіп елордамызды одан да жайлы ете аламыз!" — деп жазды елорда әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу