"Birge – taza Qazaqstan" экологиялық акциясы өтті

483

Акция шеңберінде барлығы 2,5 мың тоннадан аса қалдық жиналды.  

"Birge – taza Qazaqstan" экологиялық акциясы өтті Фото: gov.kz

Биыл Наурыз мерекесі шеңберінде Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде "Birge – taza Qazaqstan"" экологиялық акциясы өтті, деп жазады inbusiness.kz.

Іс-шараға 135 мыңнан астам адам қатысты. Оның ішінде: 12 мыңнан жоғары еріктілер, 47 мыңнан жоғары мемлекеттік органдардың өкілдері, 65 мыңнан жоғары мекемелердің қызметкерлері, қоғамдық бірдестіктер мен тұрғындар.

Климаттық жағдайға байланысты, іс-шара Қазақстанның алты өңірінде, оның ішінде Жамбыл, Алматы, Қызылорда және Түркістан облыстарында, Шымкент және Алматы қалаларында өтті.

Қатысушылар рекреациялық аймақтарды ретке келтіріп, аула маңындағы нысандарды, көшелер мен саябақтарды тазартты. Көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, гүлдер мен ағаштар отырғызылды.

Жинақталған қоқыстардың сұрыпталып, 337 тонна әйнек, 97 тонна пластик, 67 тонна резіңке, 49 тонна қағаз бен 130 тонна металл қайта өңдеуге берілді.

Айта кетейік, акция Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша экологиялық жағдайды жақсарту үшін 2019 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу