#Birge #TazaQazaqstan: Майбалық көлінің жағалауы тазаланады

1008

Қала әкімдігі елорда тұрғындарын, еріктілерді, қоғам қайраткерлерін, экологиялық белсенділерді және барлық мүдделі адамдарды экологиялық акцияға қатысуға шақырады. 

 #Birge #TazaQazaqstan: Майбалық көлінің жағалауы тазаланады

3 тамызда Нұр-Сұлтанда кезекті қалалық #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы өтеді. Экологиялық акция аясында Майбалық көлінің жағалауы тазаланады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Осыған орай, қала әкімдігі елорда тұрғындарын, еріктілерді, қоғам қайраткерлерін, экологиялық белсенділерді және барлық мүдделі адамдарды экологиялық акцияға қатысуға шақырады. Қатысушыларды жинау және көлікке отырғызу 8.00-де, Б.Момышұлы даңғылы 1, "Astana Music Hall" мейрамханасының тұрағында өтеді. Акцияның басталуы сағат 10.00-де.

Естеріңізге сала кетейік, 20 шілде күні ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен Нұр-Сұлтанда қоқыс жинауға арналған экологиялық акция өтті. Елорданың су қоймаларының айналасын тазарту жөніндегі экологиялық науқан мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, еріктілердің, елорда тұрғындарының  қолдауына ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу