Бүгін астаналықтар кезекті Birge #TazaQazagstan тазалық шарасына қатысты, деп хабарлайды elorda.info.
"Бүгін міне осымен үшінші апта таза Қазақстан экологиялық акциясын жалғастырып жатырмыз. Майбалық көлі қаладан алыс емес жерде орналасқан сондықтан адамдар мұнда демалуға жиі келеді. Тиісінше қалдықта көп. Олай болса бәріміз бірігіп, тазалық жұмысына кірісейік",– деді қала әкімі Алтай Көлгінов.
Әкімдіктің дерегіне сүйенсек, бүгінгі сенбілікке 1 мыңға жуық адам қатысты.
Олардың қатарында, әкімдік қызметкерлері, басқарма басшылары, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ қала тұрғындары мен еріктілер бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу