Оралда 2 жасөспірім тұрғын үйдің шатырынан құлап, қаза тапты

495

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті қайғылы жағдайды растады. 

Оралда 2 жасөспірім тұрғын үйдің шатырынан құлап, қаза тапты Фото: zhaikpress

Оралдағы "Строитель" шағынауданында көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан құлаған екі жасөспірім қаза тапты. Қайғылы жағдай кешкі уақытта болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, тоғыз қабатты үйдің айналасын қоршаған. Кейін ғимарат маңынан кәмелетке толмаған екі жасөспірімнің денесі табылған.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті қайғылы жағдайды растады. Ведомство мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

"Көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің шатырынан құлау салдарынан кәмелетке толмаған екі жасөспірім қайтыс болды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығы мен прокуратураның бақылауында. Өзге ақпарат жария етілмейді", – деп мәлімдеді ведомство.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандардың бірі – 14 жастағы мектеп оқушысы, екіншісі – колледжде білім алған 16 жастағы жасөспірім.

Олардың шатырдан қандай жағдайда құлағаны әзірге белгісіз. Оқиғаның нақты себептері тергеу барысында анықталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу