Бүгін Алматының №2-ші ауданаралық сотында Тимур Тілембаев пен Қанат Әліқұлға қатысты соңғы үкім шығарылды. Енді олар 8 жылын темір торда өткізеді. Сондай-ақ, сотталушылар жәбірленуші бойжеткенге 3 млн теңге моральдық өтемақы беруге, әрі 546 мың теңгені құрайтын материалдық шығын төлеуге міндетті. Сот процесі жабық есік жағдайында өткен. Оқиға былтыр жазда болыпты.
Алматыдағы пәтердің біріне қызды танысы алдап шақырған. Ал оны тағы 2 жігіт, яғни басты күдікті азаматтар күтіп отырыпты. Жәрбірленуші қыздың айтуынша, жігіттер оны таңға дейін зорлаған, әрі ондырмай ұрып-соққан. Алматы қаласы Прокуратурасы Тимур Тілембаевтың 2012 жылдан бері құрылымда жұмыс істемейтінін мәлімдеді.