Біріккен Араб Әмірліктеріне бой тасалаған Қазақстан азаматы экстрадицияланды

996

Біріккен Араб Әмірліктеріне бой тасалаған Қазақстан азаматы  экстрадицияланды

Биыл 10 қарашада 120000 АҚШ долларын алаяқтық жолмен иемденді деп айыпталған Қазақстан азаматшасы В.В.Ким Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды, деп хабарлайды 24 Хабар.  

БАӘ-нің құзыретті органдары бұл азаматшаны ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауын қанағаттандырып отыр. Экстрадициялау процесі Қазақстанның БАӘ-дегі Елшілігі мен ҚР ІІМ Интерполының көмегімен жүзеге асырылды. Күдікті 2011 жылы өзін мұнай компанияларының бірінің бұрынғы қызметкері ретінде көрсете отырып, бір кәсіпкерді күкірт шикізатын жеткізу бойынша тиімді келісімшарт жасап беремін деп алдаған. Оның өтініші бойынша келісімшарт жасауға кететін шығындар үшін оған 120000 АҚШ доллары берілген. Ақшаны алған бойдан күдікті бой тасалап, шетел асқан. Қазіргі уақытта В.В.Ким Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу