Құны - 6,6 млрд теңге. Құрылыс туралы Ақтөбе облысының әкісі Е.Тоғжанов "International Community Schools" компаниясының құрылтайшысы, басқарушы директоры Мұхаммед Шаммамен кездесу кезінде талқылады.
Аймақ басшысы "Ақтөбе облысына мұндай мектеп қажет. Жобаның тезірек іске асырылуына мүдделіміз, өйткені балалар физика, математика және ағылшын тілін тереңдетіп оқуға мүмкіндік алады. мұндай жобаларды толығымен қолдаймын", - деді Е.Тоғжанов.
Жобаның ерекшелігі 7-15 жас аралығындағы балалар шағын топтарда білім алады. Әр топта 3-8 адамнан болады. Оқу бағдарламасы аясында оқушылардың орта арнайы мамандықтар бойынша сертификат ала алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу