Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш астаналық журналистермен кездесті, деп хабарлайды 24.kz.
Кездесу барысында ол алпауыт ұйым мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың жалғаса беретініне сенім білдірді.
"Қазақ елі ұйымға мүше болғалы өзінің халықаралық беделін арттыру үшін тұрақты да қажырлы жұмыс жүргізіп келеді", - деді.
Айта кету керек, мәртебелі мейман елордада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және ЭКСПО көрмесінің ашылу рәсіміне қатысуға арнайы келді.
- Қазақстанмен ынтымақтастығымыз жергілікті және халықаралық деңгейде аса маңызды болып табылады. Қазақ елі БҰҰ қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде әлемдік тәртіп орнату, терроризмнің алдын алу және қауіпсіздік мәселелерін ілгерілетуде маңызды роль атқарады. Біз мұнда ел экономикасының дамуына әсер ететін халықаралық көрмеге қатысып, қолдау білдіру үшін келдік. Осы елдің барлық бастамаларын қуаттаймыз. ЭКСПО-2017 көрмесі әлемдегі айтулы шаралардың бірі. Сондықтан Қазақстанның гүлденуіне айтарлықтай үлес қосады деген сенімдемін, - деді БҰҰ Бас хатшысы.