Біріккен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия корольдігінің ұлттық күні өтті

1372

Біріккен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия корольдігінің ұлттық күні өтті

Бүгін Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров пен жоғары мәртебелі ханзада Ричард Глостердің герцогы біріккен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия корольдігінің ұлттық күнін  ашты, деп хабарлайды mid.gov.kz.

Олар көрменің жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанын және "Болашақ энергиясы" тақырыбының өзектілігін атап өтті. Ұлттық күннің бағдарламасы ауқымды әрі қызық. Келушілерге Лондонның қазіргі заман балетінің қойылымы, парад-шоу, Гарри Поттердің оқылымы, сондай-ақ саз және вокал нөмірлері  көрсетіледі. Ұлыбританияның павильоны ауқымды павильондардың бірі. Онда жаңартылатын энергия көздері, энергияны үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы соңғы үлгілер мен инновациялар ұсынылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу