Бірінші бүкіләлемдік этноспорт ойындары Қазақстанда өтуі мүмкін

947

Бірінші бүкіләлемдік этноспорт ойындары Қазақстанда өтуі мүмкін

ҚР Ұлттық музейінде елордаға ЮНЕСКО-ның дәстүрлі спорттар мен ойындар комитетінің төрағасы – Халил Ахмед Хан, комитеттің үйлестірушісі – Марселлин Дэлли және комитеттің хатшысы – Шамми Рананың ресми іссапармен келуіне арналған баспасөз-конференциясы өтеді, деп хабарлайды sport.gov.kz.

Жиынға сондай-ақ, ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрметті президенті Қайрат Сатыбалдыұлы және ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті, мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан қатысады.

Шара аясында ЮНЕСКО, ҚР мәдениет және спорт министрлігі және ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қою көзделуде.

ЮНЕСКО өкілдері Қазақстанға арнайы ат басын бұруының басты себебі – 1-2 маусым  күндері Астанадағы "Қазанат" атшабарында өтетін Теңге ілуден ІІ Азия чемпионаты мен аударыспақтан ІІІ Азия чемпионатын тамашалап, біздің елдегі ұлттық спорт жарыстарының ұйымдастырылуын, насихатталу деңгейін, жанкүйердің қызығушылықтарын өз көздерімен көру.

Айта кетейік, ЮНЕСКО ұйымы 2021 жылы бүкіләлемдік бірінші этноспорт ойындарын өткізуді жоспарлап отыр. Осы әлемдік бәсекені өткізуге үміткер төрт мемлекеттің қатарында Қазақстан Республикасы да  бар.

Сонымен қатар,  ЮНЕСКО өкілдері "Этноспортты дамыту және насихаттау" тақырыбында семинар кеңес ұйымдастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу