Бірінші екпеден кейін бір жылдан астам уақыт өтсе, вакцинация курсын қайта алу керек пе?

508

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау департаментінің басшысы Роза Қожапова індетке қарсы вакцинация және қайта егу жолдарын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бірінші екпеден кейін бір жылдан астам уақыт өтсе, вакцинация курсын қайта алу керек пе?

Оның айтуынша, егер адам коронавируска қарсы вакцинаның бірінші дозасын алған болса, онда ол міндетті түрде сол вакцинаның екінші дозасын алуы керек. 

"Егер бір жылдан астам уақыт өтсе, негізінен адам ревакцинация ала алады. Бірақ ол қайтадан вакцинацияның толық курсын да ала алады. Мұны екпенің екінші курсы деп атаймыз", – деді журналистер сауалына жауап берген Роза Қожапова.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу