"Коллекторлық қызмет" туралы заң аясында қарыз алушы туралы барлық ақпарат бірінші кредиттік бюроға беріліп отырады. Бұл туралы ұйымның бизнесті дамыту жөніндегі директоры Әсем Нұрғалиева мәлімдеді. Бұл дұрыс есеп жүргізуге мүмкіндік беріп, жеке тұлғалардың "несиелік тарихы" жайлы сенімді ақпарат алуға септігін тигізбек. Заң аясында коллекторлық қызмет көрсететін барлық агенттіктерден жиналған ақпарат бірінші кредиттік бюроға тіркетіп отырады.
Әсем Нұрғалиева, бірінші кредиттік бюроның бизнесті дамыту жөніндегі директоры:
"Бірінші кредиттік бюро ұзақ уақыт бойы ақпаратты ұйымға тіркеп отыру керек деген ресми ұстанымын білдіріп келген. Ол қарыз алушыны тәртіпке шақырып қана қоймай, дұрыс статистика жүргізуге мүмкіндік береді. Ұлттық Банктің дерегі бойынша бірінші кредиттік бюроның ақпаратын несиелік нарық ойыншыларының 98 пайызы қолданады екен.
Автор: Талғат Уәли