Бірінші күнде бірінші орын алды

1093

Бірінші күнде бірінші орын алды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Алматыдағы Универсиада ойындарының бірінші күніндегі қысқа бағдарламада бірінші орын алды. Отандасымыз өз жаттығуын шеберлік шыңына жеткізе орындап шықты, деп хабарлады Vesti.kz.

"Ромео және Джульетта" әуенінің аясында өнер көрсеткен отандасымыз қысқа бағдарламадан кейін 94,91 ұпай жинап, көш бастап тұр.Екінші орында жапон спортшысы Кейдзи Танака келеді. Ол да өз жаттығуын ойдағыдай орындап, 89.05 ұпай жинады. Қысқа бағдарлама бойынша үздік үштікті ресейлік Артур Дмитриев (87.18 ұпай) түйіндеп тұр.

Мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы жекелей сынға Денистен өзге еліміздің атынан Абзал Рақымғалиев пен Артур Паникхин қатысты. Абзал 68.25 ұпай жинап, іріктеу кезеңінен өтті. Ал Артур 54.11 ұпаймен еркін бағдарламаны орындау сынына жолдама ала алмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу