Бірінші қыркүйекте жұмысқа шыққан мұғалімдерге ақы төленді ме?

548

Білім күні мектептерде салтанатты жиын өтті.

Бірінші қыркүйекте жұмысқа шыққан мұғалімдерге ақы төленді ме? Фото: Halyq Uni

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мәжіліс кулуарында 1 қыркүйекте жұмысқа шыққан мұғалімдерге төлемақы берілетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство басшысының сөзінше, Білім күні бастауыш сыныптың мұғалімдері ғана жұмысқа шыққан. 

"Ата-аналардан келіп түскен өтінішке сәйкес Білім күніндегі салтанатты жиынды өткізуді қолдадық. Сол себептен де 1 қыркүйек – Білім күні жойылмады, аталып өтті. Әр мектеп әкімшілігіне сенбі-жексенбі күндері қажеттілігіне байланысты жұмысқа шыққан мұғалімдердің төлемақысы толығымен берілуі тиіс екені ескертілді. Мұны білім басқармалары біледі. Бізге барлық мектепте төленді деген ақпарат келді",  – деді Ғани Бейсембаев.

Министр бұл талапты орындамаған мектептер бойынша қадағалау жүргізіп, тиісті шара қолдануға дайын екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу