Бірінші қыркүйектен бастап екпе алмағандар жұмыстан босатылады

1256

Бірінші қыркүйектен бастап екпе алмағандардың жұмыс істеуі қиындайды,  деп хабарлайды Atameken Business.  

Бірінші қыркүйектен бастап екпе алмағандар жұмыстан босатылады

Жаңа қаулыға сай енді кемі 50 адамы бар мекемелерді арнайы мониторингтік топтар тексереді. Яғни, олардың құзыреті артады. Біздің қолымызға рейдтер бойынша жұмыс жобасы түсті. Ол құжат еш жерде жарияланбаған. Сондықтан мұқият мән берсеңіздер.  Жобада бірнеше бөлім бар. 2,3-іне тоқталайын. Онда мониторнигтік топ тескеріске барған компанияның жауапты адамынан жұмысшыларының толық тізімін алып, "кім вакцина алды, қай қызметкерде медициналық анықтама бар, кім не себепті екпе салдырмады?" деген сұраққа жауап алады. Жобаның 2,4 бөлімі бойынша, мекемеде 50-ден 200 адамға дейін болса қызметкерлернің 10%,  201 – ден 500-ге дейін-кемінде 5%-ы, 501-ден 1000-ға дейін-кемінде 3%-ы, 1000-нан жоғары-кемінде 1%-ы "ASHYQ" қосымшасы арқылы тексеріледі. Егер қажетті құжаты болмай, жұмыста жүргендер анықталса, ескерту жасалады. Кезекті рейд кезінде негізсіз КОВИД-19-ға қарсы екпе алмағандар анықталса материалдар жинақталып, санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетіне жіберіледі. Олар қандай жазалау шарасын қабылдайды? Оны сұхбат барысында жауапты мамандардан білеміз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу