Бірінші маусымнан бастап жанармай бағасы өседі

917

Бірінші маусымнан бастап жанармай бағасы өседі

Бірінші маусымнан бастап дизель отынын сатуға акциздердің көтерілуіне байланысты жанармай бағасы өседі. Бұл туралы 7kun.kz хабарлайды.

Қазіргі таңда Қазақстандағы ірі жанармай бекеттері желілерінде дизель отынының литрі 135-136 теңге. Ал аграршылар үшін литріне 122-128 теңге деңгейінде баға белгіленген.

Сонымен бірге, "Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы" ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы №133 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 наурыздағы №144 қаулысына сәйкес 2017 жылдың 1 маусымынан бастап дизель отынын сатуға акциз мөлшерлемесі тоннасына 9300 теңгені құрайды.

Акциздің ұлғаюы есебінен ғана көтерме бағаның өсуі шамамен литріне 7,3 теңгені құрайды, бұл ЖҚС (жанармай құю станциялары) желілеріндегі бағаға әсерін тигізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу