Бірінші Олимпиадалық киберспорт ойындары 2027 жылы өтеді

456

 Іріктеу жарыстары биыл басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бірінші Олимпиадалық киберспорт ойындары 2027 жылы өтеді  Фото: ХОК/Greg Martin

– 2027 жылы Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында киберспорт әлемі үшін де, Олимпиадалық қозғалыс үшін де маңызды оқиға болатын тұңғыш Олимпиадалық киберспорт ойындары өтеді, – делінген Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) сайтындағы ақпаратта. 

Олимпиадалық киберспорт ойындарын ұйымдастыру үшін ХОК Сауд Арабиясының Олимпиада және Паралимпиада комитетімен ынтымақтасады. 

– Енді бізде киберспорт бойынша алғашқы Олимпиадалық ойындардың нақты жол картасы бар, – деді ХОК президенті Томас Бах.

Олимпиадалық киберспорт ойындарын құру туралы шешім өткен жылдың шілдесінде ХОК-тың 142-сессиясында қабылданған. Сол кезде алғашқы ойындар 2025 жылы өтеді деп хабарланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу