"Бірінші президенттің тарихи бағасын әр азамат өзі береді" – Назарбаев есімін Конституциядан өшіру туралы

1021

Сенат депутаты Ләззат Сүлейменнің айтуына қарағанда, бұрынғы президенттің рөлі, атқарған еңбегі Конституцияда бекітілуге міндетті емес деген шешім қабылданды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Бірінші президенттің тарихи бағасын әр азамат өзі береді" – Назарбаев есімін Конституциядан өшіру туралы

"Бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи тұлға ретінде рөлі, оның атқарған қызметі Конституцияда бекітілуі міндетті емес деген шешім қабылданды. Бірақ ол кісінің орнын, қызметін әр азамат еңбегіне қарай бағалайды", – деп жауап берді сенатор Ләззәт Сүлеймен.

Айта кетейік, Сенатта "Референдум туралы" заң жобасы қаралды. Осы мәселе бойынша депутат Ләззат Сүлеймен журналистер алдына шықты. Оған "Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тарихында тарихи тұлға ретінде қала ма?" деген сауал қойылған. 

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу