Салтанатты шараға 1-сынып оқушылары ғана қатысады.
Бұл туралы үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"1 қыркүйекте өткізілетін салтанатты іс-шара дәстүрлі форматта, мектеп аумағында 1-сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады. Бірінші сынып оқушыларына алғашқы оқулығы әліппе табысталады. Ал 2-11-сынып оқушылары тікелей бекітілген кабинеттерге барып, тақырыптық сынып сағатына қатысады", – деді Асхат Аймағамбетов.
Қанат Махамбет
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу