Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі бекітілді

370

Қазақстанда 2026–2027 оқу жылына арналған қабылдау кезең-кезеңімен өтеді.  

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі бекітілді Фото: Tengrinews

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылына арналған бірінші сыныпқа құжат қабылдау кестесін бекітті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжат қабылдау 2026 жылғы 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі. Министрлік бұл тәсіл ақпараттық жүйелерге түсетін жүктемені азайтып, ата-аналар үшін өтініш беру процесін ыңғайлы ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Құжаттарды электрондық үкімет порталында тіркелу арқылы OQU платформасы арқылы онлайн форматта немесе білім беру ұйымдарына тікелей жүгіну арқылы тапсыруға болады.

Өңірлер бойынша қабылдау мерзімдері төмендегідей белгіленді:

– 27 мамыр – 31 тамыз аралығы: Астана қаласы, Абай, Жетісу, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары;

– 10 маусым – 31 тамыз аралығы: Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары;

– 18 маусым – 31 тамыз аралығы: Шымкент қаласы, Алматы, Қостанай, Павлодар және Атырау облыстары;

– 29 маусым – 31 тамыз аралығы: Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу