Бірінші сыныпқа құжатты екі жолмен тапсыруға болады

1975

Биыл "үшке – бір" деген жаңа норма енгізілді. 

Бірінші сыныпқа құжатты екі жолмен тапсыруға болады

Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова 1- сыныпқа құжаттар тапсыру қалай өтетінін түсіндірді.

"Бірінші сыныпқа қабылдау 1 маусымда басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Қазір ережеге сәйкес жұмыстар жүріп жатыр. Құжаттар екі жолмен қабылданатын болады. Біріншісі, егер мектепте және ата-анада интернет болған жағдайда құжатты eGov порталы арқылы тапсыруға болады. Ол жерде ата-ана өтініш береді, 3х4 сурет және медициналық анықтама жүктеледі. Қазір құжаттардың қабылдануын ақпараттық жүйе арқылы бақылап отырмыз", – деді орта білім комитетінің төрайымы.

Биыл "үшке – бір" деген жаңа норма енгізілді. Ол бірінші кезекте жергілікті аумақта тұратын балаларды мектепке қабылдауға арналған ереже.

"Екіншіден, құжаттарды қағаз түрінде де беруге болады. Егер техникалық ақаулар немесе тағы басқа жағдай болса, мектепке барып бұрынғы өзіміз үйренген дәстүрлі жолмен де өткізуге болады. Білім туралы заңның 26 -бабының 2 -тармағында көрсетілгендей, әр аумақтың тұрғындары балаларын бірінші кезекте бере алады. Үлкен қалаларда және мамандандырылған мектептерге тапсырушылар көп. Биыл біз "үшке – бір" деген жаңа норма енгіздік. Яғни, сол аумақтың үш баласы және басқа жақтан келген бір бала қабылданады. Сондықтан да, осы ережені сақтай отырып, әрбір білім беру ұйымының басшысы құжаттарды қабылдап жатыр", – деп түсіндірді Майра Мелдебекова.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу