1-сыныпқа өтініштерді қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады

244

ҚР "Білім туралы" Заңына сәйкес, 1-сыныпқа ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде 6 жасқа толған балалар қабылданады. 

1-сыныпқа өтініштерді қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады Фото: gov.kz

2025-2026 оқу жылына балаларды 1-сыныпқа қабылдауға өтініштер қабылдау жалғасуда. 

Өтініштерді қабылдау биыл 5 ай бойы – 31 тамызды қоса алғанға дейін жалғасады. Болжам бойынша, мектеп табалдырығын 370 мыңнан астам бала аттайды.

"Алғашқы үш күнде 24 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Ең үлкен белсенділік Астана мен Түркістан облысында байқалуда. Ата-аналардың шамамен 70%-ы мемлекеттік тілде оқытуды таңдады", – деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті.

Өтінішті онлайн – eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы, сондай-ақ қағаз түрінде-тікелей мектепте беруге болады.

Өтінімдер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу