Қарағанды облысының білім басқармасының ақпараты бойынша, жаңа оқу жылында өңірде 17 200-ге жуық бірінші сынып оқушылары мектеп табалдырығын аттайды деп күтілуде.
Өтініштерді қабылдау eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматта және "е-Білімал" жүйесі арқылы жүргізіледі.
Ол үшін келесі құжаттар қажет:
- ата-аналардың (немесе оларды алмастыратын адамдардың)өтініші;
- баланың денсаулық жағдайы туралы құжаттар (баланың денсаулық паспорты № 026 / у-3, № 063/у нысаны бойынша Медициналық анықтама);
- 3х4 екі фотосурет.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу