Бірінші тоқсанда 683 мыңнан астам адам АӘК алды

891

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 683,4 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, деп хабарлады inbusiness.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші тоқсанда 683 мыңнан астам адам АӘК алды Фото: inbusiness.kz

"Биылғы жылы осы мақсаттарға бюджеттен 122,8 млрд теңге бөлінді. АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады...2021 жылғы 1 сәуірде АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 162,4 мың бала азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды",– деп жазылған министрлік хабарламасында.

Айта кетсек, І тоқсанда 519,4 мың қазақстандыққа атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік инстанцияға жүгінбей-ақ автоматты түрде ұзартылған

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу