Бірқатар арнайы экономикалық аймақ үшін қызмет түрлерінің тізбесі кеңейтілді

1141

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2021 жылы республиканың бірқатар арнайы экономикалық аймағы үшкін қызмет түрлерінің тізбесін кеңейтті, деп хабарлайды inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бірқатар арнайы экономикалық аймақ үшін қызмет түрлерінің тізбесі кеңейтілді Фото: Мой город

"Бұл сыртқы экономикалық байланыстарды жандандыру, экономиканы қолдау және өңірлердің әлеуметтік проблемаларын шешу, арнайы экономикалық аймақтардың (бұдан әрі – АЭА) жұмысына инвестициялар, технологиялар мен қазіргі заманғы менеджментті тарту үшін жасалды", – деп түсіндірген ведомстводан.

Айта кетсек, өткен жылы "Ақтау теңіз порты" арнайы аймағының қызмет түрлері кеңейтілген еді. Енді аталған АЭА мынадай жобалармен айналыса алады: жылу электр станцияларымен электр энергиясын өндіру, электр энергиясын беру және тарату, тұрғын және тұрғын емес ғимараттар құрылысы, қонақ үйлер және тұруға арналған орындар қызметтерін ұсыну, жеке немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалға алу және басқару, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру бойынша қызметтер.

Қарқынды дамып келе жатқан аймақтардың бірі – "Сарыарқа" АЭА. Онда дайын металл бұйымдары мен құрылыс материалдары: шарлы крандар, жылу оқшаулағыш құбырлар, отқа төзімді материалдар, жезден жасалған бұйымдар, дірілге және отқа төзімді бұйымдар шығарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу