Бірқатар британдық университет "Болашақ" бағдарламасының тізімінен шығарылуы мүмкін

333

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

Бірқатар британдық университет "Болашақ" бағдарламасының тізімінен шығарылуы мүмкін Фото: ЖИ

Ұлыбританияның кейбір жоғары оқу орындары делдал агенттіктермен байланысына байланысты "Болашақ" халықаралық стипендиясы аясында білім алуға рұқсат етілген университеттер тізімінен шығарылуы ықтимал, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрдің сөзінше, ведомство осындай жағдайларды анықтау үшін ауқымды тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әсіресе АҚШ пен Ұлыбританиядағы университеттерге басымдық берілген.

Саясат Нұрбек кейбір жоғары оқу орындарына түсушілер санының күрт артуы күмән тудыратынын атап өтті. Осыған байланысты АҚШ университеттерімен келіссөздер жүргізілген. Министрдің айтуынша, олар жағдайға байланысты кешірім сұрап, ішкі рәсімдерін қайта қарауға және тексеру жүргізуге келіскен.

Министр Ұлыбритания университеттерінде де осындай мәселелердің бар екенін жеткізді. Осы мәселені талқылау үшін жақында іссапармен барып, британдық жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездескенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу