"Астық Транс" АҚ 2018 жылдың 1 ақпанынан бастап бірқатар экспорттық бағытқа вагондарды беру құнының уақытша ұлғаятынын хабарлады.
Экспорттық жүк түсіру станцияларында вагондардың қалыптан тыс жиналуынан кептеліс болып, вагондар станцияларда іркіліп қалуда. Осыған байланысты кей экспорттық бағытқа вагондарды беру құны көтеріледі. Атап айтсақ, Ауғанстан мен Иранның, Қытай мен Моңғолияның бірнеше станциясына жеткізу құны қымбаттайды.
Вагондарды беру құны бағыттың қашықтығы мен айналым ауқымына байланысты өзгереді.
Осыған қатысты ақпарат алғысы келгендердің 8 (7172) 729907 нөміріне хабарласуына болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу