Бірқатар ел Британиямен арадағы қатынасты тоқтатты

756

Бұл елде табылған коронавирустың жаңа штамы тез таралатын көрінеді.

Бірқатар ел Британиямен арадағы қатынасты тоқтатты Фото: reuters.com

Британияда коронавирустың жаңа штамы анықталғаннан кейін, бірқатар ел онымен байланысты тоқтатуға мәжбүр болды. Олардың қатарында Еуроодақтың шамамен 14 мүшесі бар. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады. 

Ғалымдар вирустың мутацияға ұшырағанын осы айдың ортасында анықтаған. Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, жаңа штамм бұрынғысына қарағанда тез тарайды және ағзаға өте қауіпті көрінеді. 

Британиямен арадағы әуе не теміржол қатынасын уақытша тоқтатқан елдер мыналар: Нидерланд, Бельгия, Италия, Германия, Болгария, Ирландия, Литва, Латвия, Финляндия.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу