Бірқатар ел өкілдері Түрік Республикасының мемлекеттік наградасымен марапатталды

636

Мемлекеттік награданы Түрік Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған табыс етті. 

Бірқатар ел өкілдері Түрік Республикасының мемлекеттік наградасымен марапатталды Фото: ҚР ТЖМ

2023 жылғы 25 сәуірде Түрік Республикасының Анкара қаласында қиратушы жер сілкінісінің салдарын жою кезінде құтқару бөлімшелерін басқарған төтенше ведомстволардың өкілдері марапатталды, деп жазады inbusiness.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

80-нен астам елдің өкілдері арасында Қазақстаннан ТЖ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев та қатысты, ол жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсеткені үшін медалімен наградталды.

"Марапат үшін алғысымды білдіремін! Бауырлас Түрік халқына тағыда көңіл айтамын. Өмірді құтқаруға қатысқан барша халыққа, құтқарушылар мен дипломатиялық корпусқа алғыс! Біз Түркия халқы жақын арада табиғи апаттың салдарын жеңеді деп сенеміз!", - деп Ибрагим Күлшімбаев атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Түркияның үш өңірінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу басталғаннан бері Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының күштері 7 адамды құтқарды. Қаза тапқан 88 адамның, оның ішінде 10 баланың денесі шығарылды. Қазақстандық құтқарушылар қолмен, сондай-ақ инженерлік техниканы, авариялық-құтқару жабдықтарын, шанц аспаптарын тарта отырып, 250 мыңнан текше астам метр үйінділерді бөлшектеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу