"Бірқатар қалада ҰҚК департаменттерінің басшылары нысандарды қарсылықсыз тапсырды"

1631

Парламент мәжілісінің жалпы отырысына қатысқан Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі ахуалға тоқталып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Бірқатар қалада ҰҚК департаменттерінің басшылары нысандарды қарсылықсыз тапсырды"

"ҰҚК уәкілетті орган ретінде болып жатқан оқиғаларға нақты баға бере алмады және бергісі келмеді. Бірқатар қалада ҰҚК департаменттерінің басшылары қару-жарақ пен құпия құжаттамаға қарамастан нысандарды қарсылықсыз тапсырды. Біздің елге қарсы террористік соғыс басталды. Жау өте қатыгездік көрсетті. Қазақстан ҰҚК тәртіпсіздік жағдайында ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіпті байқамады", - деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу