Бірқатар кәсіпорындар мемлекет меншігіне қайтарылмақ

549

Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.

Бірқатар кәсіпорындар мемлекет меншігіне қайтарылмақ

Талқылауға орталық мемлекеттік органдардың, Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, Қаржылық мониторинг агенттігінің, "Самұрық-Қазына" қорының және т.б. басшылары қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Комиссия мүшелері теміржол инфрақұрылымының, жылу энергетикалық кешеннің кейбір активтерін, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының қызметімен байланысты бірқатар кәсіпорындарды мемлекет меншігіне беру мәселелерін қарады.

Талқылау қорытындысы бойынша премьер-министр комиссия қабылдаған шешімдерді іске асыру үшін барлық қажетті заңдық және ұйымдастыру шараларын пысықтауды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу