Бірқатар қазақстандықтарға МӘМС жарнасы қайтарылды

173

Прокуратурасы МӘМС саласындағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізді. 

Бірқатар қазақстандықтарға МӘМС жарнасы қайтарылды Фото: inbusiness.kz

Ақмола прокуратурасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын аударуда бірқатар заң бұзушылықтар анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Жұмыс берушілер көп балалы (алтыдан астам бала тәрбиелеп отырған) аналардан, ерекше күтімді қажет ететін жандардан және төлемнен босатылған күндізгі бөлімде оқитын студенттерден МӘМС жарнасын негізсіз ұстағандығы анықталды, – делінген хабарламада.

Мысалы, көп балалы ананың жұмыс берушісі әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 31 243 теңге аударған. Одан бөлек ерекше күтімді қажет ететін адамнан қордың пайдасына 82 306 теңге мөлшерінде жарналар ұсталған. Прокуратураның мәліметінше, мүндай деректер аз емес. 

Нәтижесінде жеңілдетілген санаттағы 436 қазақстандыққа заңсыз ұсталған ақша қайтарылды. Қайтарылған жарнаның жалпы сомасы 60 миллион теңгеден асты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу