Бірқатар компания құрылыс заттарының бағасын төмендетті

782

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бағаны көтерудің негізділігіне монополияға қарсы талдау жүргізген. Нәтижесінде 8 компания монополияға қарсы органның құрылыс материалдары бойынша хабарламаларын орындады, деп хабарлайды inbusiness.kz агенттік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірқатар компания құрылыс заттарының бағасын төмендетті

2021 жылғы 29 шілдедегі жағдай бойынша құрылыс материалдары нарықтарының субъектілеріне бұзушылық белгілерін жою және бағаны төмендету қажеттілігі туралы 63 хабарлама жіберіліпті: кірпіш бойынша – 16, арматура – 13, цемент – 17, бетон – 8, қиыршық тас – 2, полиэтилен құбырлары – 3, швеллерлер – 2, кабель – 1, шыны – 1.

"Қазіргі уақытта 29 компания хабарламаны орындады. 22-29 шілде аралығында 8 компания, оның 5-і бағаны төмендетті", – деп жазылған хабарламада.

Бағалар төмендеген компаниялар:

- Павлодар облысында арматураға ("Фирма "Стальной союз" ЖШС, 397 220 теңгеден/тн 377 200 теңгеге/тн дейін, "КЅР Steel" ЖШС, 351 000 теңгеден/тн 320 120 теңгеге/тн дейін), Атырау облысында ("УралМеталлИнвест" ЖШС орта есеппен 450 000 теңгеден/тн 418 500 тенгеге/тн дейін және "КазТемирКонтракт" ЖШС 471 201 теңгеден/тн 430 109 теңгеге/тн дейін).

- Солтүстік Қазақстан облысында бетонға ("Логика Строй Ресурс" ЖШС, қабырға блоктарының құнын 25000 теңгеден/текше метр 23000 теңгеге/текше метр дейін немесе 9% - ға төмендетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу