Бірқатар құрылыс компаниялары пәтер сатуды тоқтатты

5994

Қазірдің өзінде баспана бағасы 5-7%-ға өскен.  

Бірқатар құрылыс компаниялары пәтер сатуды тоқтатты

Қазақстанның кейбір құрылыс компаниялары пәтер сатуды тоқтатып, жобалардың құнын қарап жатыр. Қазірдің өзінде бағаның 5-7%-ға өсуі байқалады. Бұл туралы Krisha.kz сайтына Қазақстан құрылыс компаниялары қауымдастығы мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Оған теңгенің құлдырауы және оған байланысты құрылыс компанияларының тәуекелдері себеп. Ұйым президенті Виктор Микрюковтың айтуынша, заңнамада тараптар бұрыннан жасалған келісімге өзгерістер енгізуге болатын жағдайларды белгілейді.  

"Бүгінгі күні құрылыс компанияларымен жасалған келісім-шарттардың көпшілігі қаржы нарығында белгілі бір деңгейден жоғары өзгерістер болған жағдайда шартта белгіленген бағаны өзгерту мүмкіндігі туралы талаптарды қамтиды. Осыған байланысты төлем бөлігіндегі өзгерістердің көпшілігі әлі де келісім-шарттарға сәйкес жасалады деп болжануда", – деп қосты қауымдастық басшысы.  

Сондай-ақ ол қазіргі жағдай тұрақталғанша бөліп төлеу механизмі жойылуы мүмкін деп есептейді.  

Микрюковтың айтуынша, ағымдағы келісімшарттардың талаптары тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін. Оның себебі құрылыстың қазіргі құнының айтарлықтай өзгеруі және материалдар құнының айтарлықтай өсуі.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу