Бірқатар министрлікте кадрлық ауыс-түйіс болды

770

Бірқатар министрлікте кадрлық ауыс-түйіс болды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев президент әкімшілігі, сондай-ақ ұлттық экономика және сыртқы істер министрліктерінде кадрлық ауыс-түйіс жасау туралы өкім шығарды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Данияр Валерьевич Вагапов Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды;

Арман Дайырұлы Жұмабеков Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды;

Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу