Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

590

Синоптиктер мәліметінше, жақын уақытта Қостанай облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады.   

Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. 

4 қаңтар мен 5 қаңтар аралығында Қызылорда облысында тұман сейілмейді, көктайғақ болады. Сондай-ақ бүгін Ақмола облысына да ескерту жарияланды, өңірге тұман түсіп, боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді. 

Бүгін Түркістан облысында да тұман түсіп, көктайғақ болады. 

"ҚазАвтоЖол" ҰК мәліметінеші, көліктің барлық түрі үшін екі жол учаскесінде қозғалыс жабылды: Үшарал-Достық жолының 83-184 шақырымында, Көктума-Достық және "КТ-28" жолының 0-32 шақырымында Тимирязев-Сарыкөл-Қостанай облысының шекарасы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу