Бірқатар өңірде АӘК заңсыз тағайындалған

976

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірқатар өңірде АӘК заңсыз тағайындалған

Серік Шәпкеновтың сөзінше, табысы аз отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төлеу үшін 2021 жылға 82 млрд теңге қарастырылған. 

Жергілікті бюджетті қоса қаржыландыру 15,2%-ды немесе 12,6 млрд теңгені құрады. Атаулы әлеуметтік көмек төлемін 20%-ға және одан жоғары мөлшерде қоса қаржыландыруды тек 5 өңір ғана қамтамасыз етті: Нұр-Сұлтан қ. – 2,4%, Маңғыстау – 3,1%, Түркістан – 5,7%, Ақмола – 8,4%, Атырау – 13%, Алматы қ. – 14,4%, Қызылорда – 14,8%, Шығыс Қазақстан – 15,4%, Батыс Қазақстан – 15,6%, Павлодар – 16,3%, Қостанай – 16,5%, Жамбыл облыстары – 17,8%.

"АӘК тағайындаудың негізділігін тексеру үшін министрлік оңтүстік өңірлерге (Шымкент қ., Алматы қ., Алматы облысы) мониторинг жүргізді, оның барысында заңнаманы өрескел бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, АӘК тағайындау қағидатын бұзуға, жұмысқа орналастыру бойынша тікелей міндеттерді орындамауға жол берілген, жәрдемақы мемлекеттің қосымша қолдауына мұқтаж емес тұрмыс жағдайы жақсы отбасыларға тағайындалған. Сондай-ақ АӘК заңсыз тағайындау фактілері, яғни өтініш беру кезінде жұмысы бар адамдардың кірістері жоқ деп көрсетілгені анықталды. Сонымен қатар 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы табыстың өзгеруінің 18 фактісі анықталды, соның нәтижесінде көмек негізсіз тағайындалды", – деді Серік Шәпкенов.

Алдын ала есептеулер бойынша артық төлем 3,4 млрд теңге болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу