Бірқатар өңірде дабылды ескерту жариялады

1068

Ақмола, Маңғыстау және Қостанай облыстарында ауа райы күрт суытады.  

Бірқатар өңірде дабылды ескерту жариялады

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды  Қазгидромет.

Атап айтқанда, 13 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады.

Маңғыстау облысының кей жерлерін тұман басады.

Ал Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысады. Екпіні – 18 м/с.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу